«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Сепе отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы

 

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие. Ақша бірлігі – теңге.

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, сонымен қатар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының  нышаны және кепілі.

Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушылық билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне жетекшілік жасайды.

 

Қазақстан – әлемдік мұхитпен тікелей жалғаспайтын әлемдегі ең ірі ел. Ел аумағының ауқымды бөлігін – 44%-ын шөлдер және 14%-ын шөлейтті жерлер алып жатыр.  Далалық жерлер Қазақстан аумағының 26%-ын, орман-тоғайлар 5,5%-ын құрайды. Қазақстанда 8,5 мың өзен бар. Каспий акваториясының солтүстік-шығыс бөлігі республика шегіне кіреді. Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан арасында бөлінген. Қазақстанда  үлкен және шағын 48000 көл бар. Оның ең ірілері – Арал теңізі, Балқаш, Зайсан және Алакөл. Мұхиттардан алыстығына байланысты елдің ауа райы күрт континентальды болып келеді.

Еліміздің минералдық-шикізаттық базасы 5000-нан астам кен орнынан құралады, олардың болжамды құны ондаған триллион АҚШ долларына бағаланады. Республика әлемде мырыш, вольфрам және бариттің барланған қоры бойынша – бірінші орын, күміс, қорғасын және хромит қоры бойынша – екінші, мыс және флюорит бойынша – үшінші, молибденнен – төртінші, алтын қоры жөнінен  алтыншы орын алады.

Сонымен қатар, Қазақстан батыс облыстарда шоғырланған мұнай мен газдың айтарлықтай мол (анықталған мұнай қоры жөнінен әлемде 9-орында тұр) қорына ие. Сонымен қатар, республикамыз көмір қоры бойынша 8- орында және уран қоры бойынша 2-орында.  

 

Бизнес жүргізу шарттары бойынша Бүкіләлемдік банк рейтингінде Қазақстан 2014 жылы 50-орынды иеленді. Ал Менеджментті дамытудың  халықаралық институтының (ІМD) жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде республикамыз 2015 жылы Испания, Түркия, Италия және өзге де көптеген елдердің алдына шығып, 34-орынға табан тіреді.

Экспортталатын басты тауарлар – кен өндіру, отын-энергетика, металлургия және химия өнеркәсіптерінің, сондай-ақ астық индустриясының өнімдері. Республиканың сауда саласындағы негізгі серіктестері – Ресей, Қытай, Еуропа және ТМД мемлекеттері.

Экономиканы әртараптандыру үшін елде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаға сәйкес, бүкіл ел бойынша бұрынғы кәсіпорындар мен  өндіріс орындары жаңғыртылып, жаңалары ашылуда.

 

Қазақстан – Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі.

Экономиканың барлық саласындағы тұрақты өсім, халықаралық деңгейде мойындалу, саяси тұрақтылық қазіргі Қазақстан қоғамының өсіп-өркендеуінің негізіне айналып отыр. Қазақстан – өзінің мәдени  дәстүрлерін сақтаған және зор жасампаз әлеуетін қазіргі әлемде табысты жүзеге асырып отырған, болашаққа ұмтылған ел. 

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:40
Құрылған күні: 20.12.2024 12:32

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

Текст