"Атқа міну мәдениетін" бастауыш сынып мұғалімі Г.Байшева ұйымдастырды. Онда оқушылар қолдарына қамшы ұстап, қазақ батырларының және "Рухани жаңғыру" биін биледі, "Тұлпарым" әнін орындады, тақпақтарын мүдірмей жатқа айтты. Мұғалім қасиетті жылқы малына қатысты бірқатар тұщымды деректер айтып, сұрақ қою арқылы көрермендердің де ашық сабаққа белсенді түрде қатысуын қамтыды, ал дұрыс жауап бергендерге тарту-таралғысын да үлестіріп отырды. Осы тұстағы ең қызықты әрі қонақтар күтпеген сәт - спортзалға жылқы жануарын кіргізіліп, жас баланы атқа мінгізу салты көрсетілді, ұлттық дәстүрге сай шашу шашылды.