Мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылғы есеп 1. Жалпы ережелер 1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Сепе ауылының жалпы білім беретін мектебі"КММ. Заңды мекенжайы Атбасар ауданы, Сепе ауылдық округі, Сепе ауылы, Орталық көшесі 6.. 2) мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Сепе ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ білім беру саласында 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2024 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Сепе ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 21 қызмет көрсетті; - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген - 0 қызмет; - электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер –21 қызмет; - қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-0 қызмет. Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі. 3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: "бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"; "негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау". "Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау ""негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру". 2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс: 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0022.at