«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Сепе отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қазақ күресі"

04.04.2025

2-3 сәуір 2025 жылы Көкшетау қаласында "Болашақ Сарайы" кубогына арналған облыстық "Қазақ күресі" турнирі өтті. Бұл додада Атбасар ауданын Сепе ауылы мен Мариновка ауылының спортшылары таныстырды. Сондай-ақ, жарысқа көршілес облыстардан да спортшылар шақырылды.

Жалпы, турнирге Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 14 команда, 169 спортшы қатысты. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жас палуандар өз шеберліктерін көрсетті. "Қазақ күресі" ұлттық спортымызды дәріптеп, жас спортшыларға үлкен тәжірибе алаңы болды.

Осы жарыста ерекше көзге түскен Сепе ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы Кенжеғали Айару, 6-сынып оқушысы Рысқали Нұрислам және 8-сынып оқушысы Төлеухан Нұрислам палуандар арнайы марапаттармен және жүлделермен марапатталды. Жетекшісі Рахимжанов Жаслан Бақытжанович.

Турнирдің негізгі мақсаты - қазақ күресін дамыту, жастар арасында ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттыру және үздік спортшыларды анықтау болды.

Просмотров: 844


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

Текст