15.05.2025
2025 жылдың 15 мамырында мектебімізде бастауыш және мектепалды даярлық сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар өтті. Семинардың басты мақсаты — мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу және білім берудің жаңа тәсілдерін талқылау болды.
Семинар жұмысына Атбасар ауданының әдіскері Семенча Инна Васильевна, тәрбиешілер, бастауыш сынып және мектепалды даярлық мұғалімдері қатысты.
Ашық сабақтар мен шебер сабақтар көрсетілді:
1. Математика пәнінен 2 –сыныпта «Элементы алгебры» тақырыбында ашық сабақты Турсумбаева Карлыгаш Маратовна, біліктілігі педагог-зертеуші өткізді
2. Қазақ тілі пәнінен 3-сыныпта «Сөз таптары» тақырыбында Ташимова Гульжанат Смаилбековна, біліктілігі педагог-сарапшы өткізді
3. МАДТ сыныбында «Времена года. Закрепление» Исабаева Баян Искаковна, біліктілігі педагог-сарапшы өткізді
4. Математика пәнінен МАДТ сыныбында «Решение задач на простых примерах» Щаймердлен Жұлдыз Талғатқызы өткізді
5. Мастер-класс «Патриотическое воспитание через национальные игры» шағын орталық тәрбиешісі Даниярова Жанар Игиликовна өткізді
6. Шағын орталықтың ересек тобымен «Үй жануарлары» тақырыбында ашық сабақты Шаяхметова Нурсулу Тилеулесовна өткізді
7. Мастер-класс «Развитие мышления и моторики рук у детей посредством игровой деятельности»
8. Мастер-класс «Развитие мышления ребенка через игру»
9. Исследовательская работа «Почему в шахматах важно думать наперёд», Ескен Айару,2 класс
10. «Бақытты балалық шақ» коцерт және Қорытынды
Іс-шара барысында келесі тақырыптарда баяндамалар тыңдалып, талқылау өтті:
• Заманауи білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдер;
• Ойын арқылы оқыту технологиялары;
• Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып білім беру;
• Мектепалды даярлық сыныптарында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдары.
Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар мен тренингтер ұйымдастырды. Семинар өте мазмұнды өтті, қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа әдістемелерді талқылады.
Семинар соңында мектеп директоры Утегенова Баян Талгатовна қорытынды сөз сөйлеп, мұғалімдердің еңбегіне алғыс білдірді. Ол білім сапасын арттыруда мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, ұстаздарды үнемі ізденісте болуға шақырды.
🔔 Мұндай семинарлар алдағы уақытта да жалғасын табады. Ұжымдық тәжірибе мен кәсіби қолдау — сапалы білім берудің кепілі.