Шығармашыл ұстаздар — сапалы білімнің кепілі
Мектебімізде өткен «Бастауыш және мектепалды даярлық сынып мұғалімдерінің кәсіби дамуы» атты семинар аясында білікті ұстаздарымыз өз тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестеріне тың идеялар ұсынды.
Семинарда жетекшілік етіп, ұйымдастыру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізген мұғалімдеріміз:
Утегенова Баян Талгатовна педагог-сарапшы
Турсумбаева Карлыгаш Маратовна педагог -зерттеуші
Ташимова Гульжанат Смаилбековна педагог-сарапшы
Исабаева Баян Искаковна педагог-сарапшы
Тойлан Ботагоз педагог-модератор
Жетписпаева Камшат Маратовна педагог-модератор
Ерикова Алтынай Казбековна педагог-модератор
Шаймерден Жұлдыз Талғатқызы жас маман
Даниярова Жанар Игиликовна
Шаяхметова Нурсулу Тилеулесовна
Семинарда ұстаздар ашық сабақтар, тренингтер, топтық талқылаулар арқылы кәсіби шеберліктерін көрсетіп, педагогикалық қауымдастықта жаңаша ойлау мен шығармашылық ізденістің маңызын дәлелдеді.
Біздің мектебімізде осындай белсенді, жаңашыл әрі өз ісіне шын берілген ұстаздардың қызмет етуі — ұжым үшін үлкен мақтаныш. Бұл мұғалімдер жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Мұғалімдеріміздің еңбегіне табыс тілейміз!
Ұстаздарымыздың шығармашылық ізденісі мен кәсіби жетістіктері әріптестеріне үлгі болып қала бермек.