Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің бірі ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасалған. Оның қолтырмаш — баланың белін буатын жұмсақ белбауы және тепкішек — баланың аяғын салатын, үзеңгі орнында жүретін дорбасы болған.
Жас болса, жол үстінде болдырмасын, — деген тілек айтылған. Ашамай-ердің алды-арты биік сүйеніші болған. Осыны жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізіп байлап қойған. Тізгінді балаға ұстатып, бір адам құланды жетектеп жүретін. Осыдан кейін ауылды айналдыра жүргізіп, жиналып тұрған үлкендерге сәлем бергізетін.