22.11.2022
21 қараша күні Сепе ауылының жалпы білім беретін мектебінде математика, информатика, физика пәндері апталығының ашылуы өтті. Апталықтың ашылуында оқушылар пәндер бойынша өлең жолдарын оқып, ал қыздар графика биін биледі. Мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары математика әнін орындады. Оқушылар сонымен қатар 11 сынып оқушысы Ноян Ақжолдың математикалық фокусына куә болды.