«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Сепе отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Республикалық көркем сөз, ән-би байқауы

25.12.2019

2019 жылдың 16-17 желтоқсан айының аралығында Алматы қаласы, П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің үлкен концерт  залында "Тәуелсіздік деп соғады жүрегім" атты Республикалық көркем сөз, ән-би байқауы өтті. Байқауға көркем сөз оқу шеберлігін игерген, әншілік және бишілік қабілеттері бар, дәстүрлі ән орындауға икемденген, қандай да бір аспапта ойнауды меңгерген, ақындық дарындылыққа ие 3-22 жас аралығындағы балабақша мен  білім беру мекемелерінің оқушылары мен жасөспірімдер қатысты.

Өнер көрсету бағытына байланысты байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

  • Көркем сөз;
  • Эстрадалық вокал;
  • Дәстүрлі ән;
  • Аспапта орындау ;
  • Хореография;
  • Қол өнері; (Техникалық жұмыс)
  • Шығарма;
  • Бейнелеу өнері;

Байқауға оқушылар осы аталған номинациялардың ішінен төрт номинация бойынша қатысып, жүлделі оралды.

"Көркем сөз" номинациясы бойынша Жағыпар Жанел 1-орын дипломант, жетекшісі Елеубай Үміткер Талғатқызы. 

"Эстрадалық вокал" номинациясы бойынша  Елепаев Мирас лауреат 2-орын, жетекшісі Ноян Жанерке Сейденқызы.

Талғатбек Мөлдір дипломант 1-орын, жетекші Ноян Жанерке Сейденқызы.

Ерикова Нұргүл дипломант 1-орын, жетекші Елеубай Үміткер Талғатқызы.

Сармантаева Асемгуль дипломант 1-орын, жетекші Мажкен Қымбат

"Қолөнер" номинациясы бойынша Кенжигузинова Дильназ дипломант 1-орын, жетекшісі Утегенова Баян Талгатовна

"Хореграфия"ноиинациясы бойынша Быкова Ангелина лауреат 2-орын, жетекші Елеубай Үміткер Талғатқызы.

 

 

Просмотров: 487


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

Текст