«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Сепе отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

"Шәкіртіммен мақтанам"

25.12.2019

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ұстаз болып, балаға білім беру көп адам қолынан келе бермейді. Әр баланың қабілетін ашып, кемел келешекке жол сілтер педагогтарымыздың арқасында көптеген оқушының болашағы жарқын болуда. Ұстаз үшін ең қуанышты жағдай, шәкіртінің биік белестерді бағындырғаны. Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі еліміздің тірегі. 2015 жылы оқу бітіре сала, ауыл мектебіне қызметке тұрдым. Сынып жетекшілікке 5-сыныпты берді. Қазіргі таңда сыныбым 9-сынып оқиды. Өзім 24 темін. Мектепке келген жылдан бастап, өз оқушыларымды керемет, мықты, білімді болмаса да, тәрбиелі, адамгершілігі бар тұлға қалыптастыруды мақсат еттім. Бала мол тәрбие алу үшін,  ұстаз бен ата-ана бірге жұмыс жасауы керек деп білемін. 5-сыныптан бастап оқушыларымды белсенді, еңбекқор болуға жұмылдырдым. Оқушым Мирастың сабаққа онша құлқы болмаса да, басқа қырын ашуға тырыстым. Үйінде ынылдап ән айтатының естіп, кішкентайынан концерттерге қатыстырдым. Сөйтіп жүріп жақында Алматы  қаласында өткен Республикалық ән-би байқауына өзім жетекшілік жасап қатыстырдым. Оқушым үмітімді ақтап, лауреат 2-орын атағын алып берді. Қазіргі таңда оқушым Мирас, 9-сыныптан сон музыкалық колледжге түсем деп жүр. Оның оқуға түсіп өз арманына жететініне күмәнім жоқ! Болашақта оқушыма тек қана жақсылық тілеймін!

Автор: Ноян Жанерке Сейденқызы

Просмотров: 514


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

Текст