"Ұлы даладағы ежелгі металлургия" және "Аң стилін" әскери даярлық пәнінің мұғалімі Ж.Камалов ұйымдастырды. Мектептің кіре берісінде ата-бабаларымыздың темірді қалай балқытқаның, қандай құрал-саймандармен жұмыс істегенін оқушылармен бірге көрсетіп берді. Семинарға қатысушылар осы сәтте металл өңдірудің амал-тәсілдерінің қалай табылғандығын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды. Осылайша, ұстаз бен оқушылар ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетті. Сондай-ақ, "Аң стиліне" қатысты жануарлар бейнесі тұрмыста пайдаланылып, адаммен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырғандығы айтылды.