"Ұлы даланың жеті қыры" тақырыбындағы іс-шара "Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны" қырымен қорытындыланды. Оны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас маман Ж.Ноян ерекше етіп ұйымдастырыпты. Қонақтарды жоғары сынып оқушысы Бекзат Сабырхан "Ассалаумағалейкум" әнін айтып қарсы алды. Қазақ халқының мәдениеті мен ғұрпы, алма, қызғалдақтар туралы бейне-фильмдер көрсетілді. Қыздар жағы алманы дәріптейтін "Алматының алмасы" әнін айтып, залда отырған көрермендерге алма жемісі тарту етілді. Ал шағын орталық "Айналайын" бала-бақша тәрбиеленушілері керемет қазақ биін билеп, көрермендерді тәнті етті. Концерттік бағдарлама "Земля Казахстана", Жаса, Қазақстан!", және "Туған жер" әндерімен аяқталды.