«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Сепе отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

жаңа жыл

25.12.2017

Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. Ол мейрам қайдан шықты, кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатынасы бар ма?. Қала берді жаңа жыл туралы мұсылмандар қандай ойда немесе ол мейрамның мұсылмандарға қаншалықты қатысы бар? Алдымен айтармыз: Кеңес Одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынған болатын. Тек 1937 жылы ғана Сталиннің бұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында 8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы Кеңес Одағының үкімі бойынша 8 жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды. Рождество Христово мен жаңа жылдың шығуы туралы қысқаша мәліметтер берер болсақ: Бірінші ғасырда, яғни, Милади жыл санағы бойынша, христиан діні пайда болған кезде, діннің екі жауы болған. «Үштік», яғни Құдайды үшеу деп білген митраизм түріндегі язычниктер және монетизмді уағыздайтын юдаизм. Язычниктер Құдайды үшеу деп үштік түрінде уағыз ететін. Енді сол үштік сенімді уағыздайтындардан мысал келтірейік. Вавилондық үштік – Ану, оның баласы Энлиль және Энки. Римдік үштік – Юпитер, Юнана және Минерва. Семиттік үштік – отец, сын и мать яғни әке, шеше және бала. Бұлардан басқа индуистік – Брахма, Вишну және Шива. Парсылардың Ормузд, Митра, Ахриман және Египеттік Осирис, Исида және Гор немесе Эмпефт, Эйктион, Пта деп те аталады. Халдейлік Бел-Сатурн, Бел-Юпитер (сарапшы), Бел-Хом (Аполлон). Соңғы үштік үшеуі қосылып ұлы Құдай деп аталады. Бұл үштіктердің барлығы христиан дініндегі үштіктермен тұп-тура келеді. Әсіресе Буддалықтардың үштіктері сай келеді. Буддалықтардың үштіктерін айтып өткеніміздей Брахма, Вишну және Шивадан құралады. Брахманы әке деп атайды. Вишнуды пастырь және пророк деп көреді. Ал Шиваны иләһи руһ деп ойлайды. Бұл үштік «Тримутра» орыс тіліне тройца деп аударылады. Олар бұл үштік терең құпия деп түсінеді. Құпия болғаны себепті оны ешкім білмейді және түсінбейді дейді. Бұл құпия адамзат баласы әлемдік дух Брахматмамен қосылған кезде ғана біледі дейді.

Просмотров: 416


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

Текст